Бұрынғы қорғаныс министрі Бектанов заңсыз бұйрықтар берген - бас прокурор

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұрынғы қорғаныс министрі Бектанов заңсыз бұйрықтар берген - бас прокурор

Бас прокурор Берік Асылов қаңтар оқиғасы кезінде бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың "анық заңсыз бұйрықтар" бергенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокурор Берік Асылов қаңтар оқиғасы кезінде бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың "анық заңсыз бұйрықтар" бергенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әскери сотта экс-қорғаныс министрі Бектановтың ісі бойынша тыңдаулар жалғасып жатыр. Тергеу төтенше жағдай кезінде ол заңсыз бұйрықтар беріп, әскери стратегиялық нысандарды қорғаусыз қалдырды деп санайды", - деді Асылов Мәжілісте баяндама жасап.

Ол бұрынғы министрдің елдегі конституциялық тәртіпті қалпына келтіру шараларын қолданбағанын атап өтті. Тәртіпсіздікке шыққандар, әсіресе Алматыда әлдеқайда көп болды.

"Олар қоршауды бұзып өтіп, полиция мен Ұлттық ұланның күштерін басып, халыққа лаңкестік жасады. Соның салдарынан адамдар қылмыскерлердің қолынан қаза тапты, қалалар тоналды, өртенді. Сондықтан Бектанов жауынгерлік жағдайда билікті асыра пайдаланды (Қылмыстық кодекстің 451-бабы, 3-бөлігі. - еск.) деп айыпталады", - деді Асылов.

Оның әрекетіне түпкілікті құқықтық баға мен жаза шарасын сот анықтайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети