Бұрынғы қорғаныс министрі, Парламент Сенатының депутаты Мұхтар Алтынбаев Талдықорған маңында әуе апатына ұшыраған қазақстандық Су-27 ұшағының құлауының себептерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұрынғы қорғаныс министрі, Парламент Сенатының депутаты Мұхтар Алтынбаев Талдықорған маңында әуе апатына ұшыраған қазақстандық Су-27 ұшағының құлауының себептерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мұхтар Алтынбаевтың айтуынша, жойғыш ұшақ ондағы отын жүйесіндегі ақаулардың болуына байланысты апатқа ұшыраған. "Меніңше, бұл әуе апаты отын жүйесімен немесе отынға байланысты болып отыр. Қысқы уақытта отын дайындаудың өз тәртібі бар. Қазір комиссия осы жұмыстардың қаншалықты атқарылғанын тексеретін болар. (...) Мұндай жағдайда барлық ұшу тоқтатылады. Ұшақтар мен ондағы ұшқыштарды дайындайтын ұйымдар да тексерістерден өткізіледі", - деді бұрынғы қорғаныс министрі.
"Екі қозғалтқыштың бірдей жұмыс істемей қалуы - сирек кездесетін жағдай. Жағдай қиын болған. Мен сол кездегі ұшқыштың әрекетін атап өткім келеді. Ол өте дұрыс жасады. Ұшақты елді мекендерден ары алып кетті. Яғни, ол байсалды түрде ұшақтың бір қозғалтқышының істен шыққанын, ал кейінірек екінші қозғалтқыштың жұмыс істемей қалғанын хабарлады. Ұшқыш қозғалтқыш істен шықса да, ол жақтан кетіп қалмады. Ол өте дұрыс жасады", - деп атап өтті Парламент Сенатының депутаты.
Сонымен қатар, ол Қазақстанда шамамен 30 Су-27 жойғышының бар екенін айтты. "Бір полк - 26 ұшақ. Тағы төрт ұшақ сатып алдық, сосын тағы екі жаңа ұшақ жеткізілді. Шамамен 30 ұшақ бар", - деді сенатор.
"Қазір жойғыштардың бағасы әр түрлі. Жаңа ұшақтың бағасы 10 миллион долларға жетеді. Ал мына ұшақтарға, меніңше, 30 жыл болды. Мен нақты қай ұшақтың құлағанын білмеймін. Егер де Су-27 ұшағы құласа, біз оны 1996 жылы елге әкелгенбіз. Бұл ұшақтарды ресейліктер өтемақы ретінде берген болатын. 1996 жылы алынған болса, онда бұл ұшақтарға 20 жыл болды", - деді Мұхтар Алтынбаев.
Еске сала кетейік, кеше, 21 желтоқсанда Су-27 жойғыш ұшағы апатқа ұшыраған болатын. "Бүгін, 21 желтоқсанда түн жағдайында оқу-жаттығу ұшуын орындау кезінде авиациялық оқиғаның салдарынан Су-27 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшқыш майор Ә.Ысқақов бар мүмкіндігін салды және ұшақты елді мекеннен алшақ алып кетіп, катапульталанды", - делінген еді министрліктің ресми пікірінде.