Бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды Фото:gov.kz

Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысы Руслан Жақсылықов өзінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны туралы кейбір БАҚ-та тараған ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысы Руслан Жақсылықов өзінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны туралы кейбір БАҚ-та тараған ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Экс-министр бұл ақпаратты Tengrinews.kz бас редакторымен телефон арқылы сөйлесіп, жоққа шығарды.

"Бос сөз. Ең алдымен, ресми дереккөздерге сену керек. Мен демалыстамын. Маған демалуға мүмкіндік берілді. Үш жарым жылдан бері еңбек демалысына шықпадым. Өздеріңіз білесіздер, әскери қызмет сондай болады", – деді Жақсылықов.

Сондай-ақ, ол құқық қорғау органдарына жүгінетінін де мәлімдеді.

"Ар-намысым мен абыройыма нұқсан келтіретін жалған ақпарат үшін жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүрмін", - деді экс-министр.

Еске салайық, Руслан Жақсылықов 8 маусымда қорғаныс министрі лауазымынан босатылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети