Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Қожағапановқа үкім шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Қожағапановқа үкім шықты Ерлан Кожагапанов. Фото:primeminister.kz

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұрынғы шенеунік үш жылға сотталды. Сот оны ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілетін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп тапты.

Қожағапановқа мемлекеттік қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынды.

Қожағапановқа қатысты іс

Айта кетейік, 2024 жылғы наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын тергеу нәтижесінде бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрін ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұстағаны белгілі болды.

2025 жылы бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты іс сотқа берілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаевтың айтуынша, бұл іс бойынша келтірілген шығын өзгеріссіз қалған және 1 миллиард теңгеден асады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети