Бұрынғы министр Мұхамедиұлы 11 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұрынғы министр Мұхамедиұлы 11 жылға сотталды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Ұлттық музейінің бұрынғы директоры, бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына және басқа да тұлғаларға қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Ұлттық музейінің бұрынғы директоры, бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына және басқа да тұлғаларға қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұрынғы министр Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға сотталды.

"Сот үкімі бойынша, М. аса ірі мөлшерде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58-бабының 3 және 6-бөліктері негізінде, 20.06.2023 жылғы Астана Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен тағайындалған қатаң жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салына отырып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. И. парақорлыққа делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК 368-бабының 1-бөлігі), өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынып, 6 айға бас бостандығынан айырылды. Т. аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы), 10 жыл мерзімге адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды", - деп жазылған Астана Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мәліметінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети