08 желтоқсан 2017 | 11:09

Бұрынғы министрлер мен әкімдер елден қанша ақша алып кетті? Қожамжаровтың жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Қожамжаров Қайрат Қожамжаров

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров бұрынғы шенеуніктердің елден 8 миллиард доллардан аса ақша алып кеткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров бұрынғы шенеуніктердің елден 8 миллиард доллардан аса ақша алып кеткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Cоңғы 10 жылда Қазақстаннан тыс жерде жасырынып жүрген 205 жемқордың 152-сі елге қайтарылды.Алайда елден 8 миллиардтан астам АҚШ долларын ұрлап кеткен бұрынғы министрлер мен әкімдер, Әбләзов, Храпуновтар жанұясы әлі күнге дейін шетелде жасырынып жүр.", - деді Қайрат Қожамжаров Астанадағы конференция барысында.

Қожамжаровтың айтуынша, олардың барлығы жазаланады.

"Шетелдік әріптестерімізбен серіктестігіміздің нәтижесінде әрбір қашқын жемқор әділ жазасын алады. Жауапкершіліктен қашудың қандай үлгісін қолданса да, ешкім жазадан қашып құтыла алмайды.
Күшті біріктіре отыра, біз қылмыскерлерді экстрадициялауды және активтерді қайтаруды қамтамасыз етуіміз керек", - деді Қайрат Қожамжаров. 

Оның айтуынша, мұнда мемлекеттің ақшасын қылмыстық жолмен жұмсаған және елден ақша алып кеткендердің әрекетін ертерек анықтау маңызды.

"Қашып жүрген қылмыскерлер мен ұрланған активтерді басқа құзыреттен қайтарып алу - әрбір мемлекет үшін өзекті мәселе. Қазіргі уақытта әлемдік қауымдастықпен шетелдік банктердегі шот ұстаушылар туралы деректерді ашуға, оффшордан шығару бойынша белсенді шаралар қабылданып жатыр. Қазақстан мұндай шараларды қолдайды және өзара әрекеттесуге дайын", - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, Қайрат Қожамжаров қазіргі уақытта Қазақстанның 40-тан аса мемлекетпен активтерді және қылмыскерлерді қайтару туралы келісімдер жасасқанын айтып өтті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети