Бұрынғы полицей отбасылық жанжалдан кейін адам өлтірді деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұрынғы полицей отбасылық жанжалдан кейін адам өлтірді деген күдікке ілінді Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Алматыда отбасылық жанжал кезінде бірге тұрған әйелін өлтірді деген күдікпен бұрынғы полицей ұсталды. Кейін ол өзіне қол жұмсамақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда отбасылық жанжал кезінде бірге тұрған әйелін өлтірді деген күдікпен бұрынғы полицей ұсталды. Кейін ол өзіне қол жұмсамақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 3 мамыр, сенбіде болған. Хабарламалар мессенджерлерде тарап, әлеуметтік желілерде пайда болды.

Бұл ақпаратқа қатысты Алматы Полиция департаменті редакцияға пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, әйелді өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындап, ер адам әйелге пышақ жарақатын салған. Әйел оқиға орнында көз жұмды. Кейін күдікті мойын және іш тұсынан өзіне пышақ салған", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Полицейлер күдіктіні оқиға орнында ұстап, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізген. Қазір ол күзетпен ем қабылдап жатыр.

Сондай-ақ, ер адамның бұрын Алматы облыстық Полиция департаментінде қызмет атқарғаны, теріс себептермен жұмыстан босатылғаны нақтыланды.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети