Бұрынғы судья Светлана Жолманова Алматы полициясына жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұрынғы судья Светлана Жолманова Алматы полициясына жеткізілді Фото: instagram.com/zholmanova.svetlana

Экс-судья Светлана Жолманова Алматы полициясына жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экс-судья Светлана Жолманова Алматы полициясына жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін желіде судьяның бірден бірнеше бап бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат пайда болған еді.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.

Хабарламада Медеу аудандық полиция басқармасы алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғағаны айтылған. Күдікті полицияға жеткізілді және қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, Светлана Жолмановаға 2021 жылы қылмыстық іс қозғалған болатын. Содан кейін экс-судья мүдделі тұлғаларға олардың пайдасына сот шешімдерін шығаруға көмектесуге байланысты алаяқтық әрекеттер жасады деп күдіктелетіні хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети