06 сәуір 2023 | 11:14

Бұрынғы вице-министр Қаржы министрлігін сотқа беріп, 10 миллион теңге өндіріп алды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астананың Есіл аудандық соты бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаның Қаржы министрлігіне қатысты моральдық шығынды өтеу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астананың Есіл аудандық соты бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаның Қаржы министрлігіне қатысты моральдық шығынды өтеу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша Анатолий Шкарупаны сот ақтап шыққан болатын.

Оның Қаржы министрлігін сотқа беруіне сот үкімі бойынша кінәсіз деп танылып, қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға қатысқаны туралы айғақтардың болмауына байланысты ақталғаны себеп болған. Сот шешімі бойынша, қылмыстық процесті жүргізген тергеу органдарының заңсыз әрекеттерінен келген зиянды өтеуге құқығы бар деп танылған.

"2018 жылы талапкерді Бас прокуратураның жедел-тергеу тобы қамауға алып, тергеу сотының санкциясы бойынша қамауға алу түріндегі сырттай бұлтартпау шарасымен уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қарағанды ​​қаласы Қазыбекби аудандық сотының 2021 жылғы 26 қаңтардағы үкімі бойынша, Шкарупа А.В. ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәсіз деп танылып, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақталды", - деді елордалық соттың баспасөз қызметі өкілдері.

2021 жылдың сәуірінде Қарағанды ​​облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырғаны айтылды.

"Сот отырысында Қылмыстық-процестік кодекстің 4-тарауына сәйкес, талапкерді ақтау және келтірілген зиянды өтеу құқығы танылғаны нақты анықталды", - делінген астаналық сот мәліметінде.

Сот Анатолий Шкарупаның талап арызын ішінара қанағаттандырды.

"ҚР Қаржы министрлігінен 10 миллион теңге көлемінде моральдық залал өндірілді. Сот қорытындысы заңсыз қудалауға және қоғамнан оқшаулауға байланысты талапкер "қамау" бұлтартпау шарасын қолдану арқылы моральдық зардап шеккені дәлелденді, - деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.

Бұл қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети