“Бүйрегін алып тастадық“. Павлодарда анасы биіктен тастап жіберген балалардың жағдайы айтылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Бүйрегін алып тастадық“. Павлодарда анасы биіктен тастап жіберген балалардың жағдайы айтылды Фото:depositphotos.com

30 шілдеде Павлодарда әйел көпқабатты үйдің терезесінен екі баласын лақтырып, артынша өзі секіріп кетті. Қазір дәрігерлер балалардың өмірі үшін күресіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

30 шілдеде Павлодарда әйел көпқабатты үйдің терезесінен екі баласын лақтырып, артынша өзі секіріп кетті. Қазір дәрігерлер балалардың өмірі үшін күресіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Отадан кейін кішісінің жүрегі тоқтап қалған. Бірақ дәрігерлер оны құтқарып қалған. Павлодар облыстық балалар ауруханасы мәліметінше, 30 шілдеде кешке кішкентай балаға ота жасалған. Баланың жағдайы нашарлауына және ішкі қан кетуіне байланысты дәрігерлер қатты зақымдалған сол жақ бүйректі алып тастауға мәжбүр болған.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы өте ауыр.

"Баланың жағдайы тұрақсыз. Ол механикалық тыныс алу аппаратына қосылған", - деп түсіндірді емдеу мекемесі өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынша өзі де секіріп кеткені хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course down  589.73  course down  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети