13 ақпан 2014 12:14

Былтыр елімізге үш мыңнан астам шетелдік заңсыз келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ҚР ІІМ баспасөз қызметі ©ҚР ІІМ баспасөз қызметі

2013 жылы өзге елдерден заңсыз келген 3 мыңнан астам азамат Қазақстаннан шығарылды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап. Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаментінің бастығы Серік Сайыновтың мәліметінше, мұндай азаматтарға көші-қон заңнамаларын бұзғаны үшін жалпы көлемі 1 млрд 638,7 млн теңге болатын айыппұл салынған, оның 1 млрд 463,1 млн теңгесі, яғни 89%-ы өндірілген. "2013 жылы шетелдіктердің Қазақстанда болу тәртібін бұзғаны үшін 99298 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бұл 2012 жылға қарағанда, 11,7%-ға көп. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 3402 шетелдік ел аумағынан шығарылды", - дейді Сайынов. Былтыр елімізге келу заңдылықтарын бұзған адамдарға қатысты 272 қылмыстық іс қозғалған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда, 34%-ға көп. Департамент басшысы 2013 жылдың 10 желтоқсанында Мемлекет басшысының "Еңбек миграциясы мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойғанын атап өтті. "Көші-қон туралы" заңға тиісті өзгерістер еніп, Қазақстанмен арада визасыз тәртіп туралы келісім жасалған елдер азаматтарының еліміздің аумағына келуге рұқсат алу рәсімі жеңілдетілді. Енгізілген өзгертулерге сәйкес, Қазақстанмен визасыз тәртіп орнатқан елдер азаматтары ел аумағына визасыз келіп, жеке тұлғалардың шаруашылығында үш айдан кем емес мерзімде еңбек ете алады. Бірақ жұмыс берушілер шетелдік азаматтарды өзінің пайда табу мақсатына жұмсай алмайды. Иммигранттар жұмыс берушілермен еңбек келісімшартын жасап, үй шаруашылығы қызметкері, тәрбиеші, бағбан, аспаз, жүргізуші, құрылысшы болып жұмыс істей алатын болады. Бір жұмыс беруші жеке тұлға бесеуден артық еңбек мигрантымен үй шаруашылығындағы жұмыстарды орындау жөнінде келісімшарт жасай алмайды. Еңбек иммигранттарына берілетін рұқсат мерзімі бір жылдан артық уақытқа созылмайды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети