Бюджет бойынша параметрлер әлі дайын емес - Досаев

12 Қараша 2015, 11:24
0
Бюджет бойынша параметрлер әлі дайын емес - Досаев - © ortcom.kz
© ortcom.kz

ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев халық арасында теңге бағамына байланысты республикалық бюджет бекітілмей жатыр деген дүрбелеңді журналистер тудырды деп есептейді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Парламент кулуарында алдағы үш жылға арналған республикалық бюджеттің кейбір параметрлерін қайта қарауға қатысты қойылған журналистердің сұрақтарына жауап берген Досаев: "Әзірше айтатын ештеңе жоқ. Параметрлер әлі жоқ, дайын емес. Таяуда болады", - деп жауап берді.

Журналистер кеше, қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың бюджеттің қандай бағам бойынша бекітілетіні дүйсенбі күні белгілі болады деп айтқанын еске салды. "Кімнің айтқанын білмеймін", - деді Досаев.

"Сіздер де, үкімет те, Парламент те тұйықталып қалдыңыздар, адамдар байбалам салып жүр, не істейтіндерін білмейді", - деді журналистер.

"Менің ойымша, дүрбелең тудырып жүрген сіздерсіздер, біздің ойымызды, басқасын айта бересіздер. Біз тиісті есептеулер аяқталғанда Ұлттық банкпен талқылаудың ашық түрде өтетінін айттық. Баяндап береміз. Сондықтан жұмыстар әлі жүріп жатыр. Параметрлер туралы айтуға ерте. Заң бойынша 1 желтоқсанға дейін үлгереміз", - деп жауап берді ұлттық экономика министрі.

Айта кетейік, бұған дейін алдағы үш жылға арналған республикалық бюджеттің теңгенің тұрақсыз бағамына байланысты бекітілмей отырғаны туралы айтылды. Кейін ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет бойынша комитетінің басшысы Гүлжан Қарағұсова алдағы үш жыл бюджетінің уақытында, 1 желтоқсанға дейін қабылданатынын мәлімдеді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай