29 қаңтар 2020 13:26

Бюджет қаражаты пайдасыз шараларға жұмсалып жатыр - Аружан Саин

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аружан Саин. Сурет Nur Otan баспасөз қызметінен Аружан Саин. Сурет Nur Otan баспасөз қызметінен

Алматыда бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин бюджет қаражаты мәнсіз жұмсалып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин бюджет қаражаты мәнсіз жұмсалып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы ол Алматыдағы кибербуллинг профилактикасы жиналысы кезінде айтты. Саинның айтуынша, Желіде қудалауды азайтудың бір тәсілі - балаларды спорт, музыка не басқа да қызықты дүниелермен шұғылдануын қамтамасыз ету. Алайда, оның айтуынша, мәдени және спорттық секцияларға қаражат аз бөлінеді, ал әкімдіктер тек "бір-біріне сілтеумен" айналысады екен. Көп қаражат "пайдасыз шараларға" жұмсалады екен. 

Аружан Саин бюджет қаражатын концерттерге жұмсауды доғаруға шақырды. 

"Елімізде пайдасыз шараларға қаншама қаражат жұмсалып жатыр. Қалалық ережесіз жекпе-жектерді ұйымдастыруға миллиардтан аса теңге бөлінген. Президентпен сөйлестік, ол да осындай ойда. Мен барлық әкімдікке бар күшті үйірмелер мен секцияларға бағыттауын өтініп, хат жаздым. Әзірше тек жалтарма жауап алдым, қазір біз қанша баланың секцияларға қатысып жүргені туралы статистика құрастырып жатырмыз. Спорттық және мәдени үйірмелер қолжетімді болуы тиіс. Балалар байқаулар мен спорттық сайыстарға қатысу керек. Сол кезде біз балаларды 95 пайызға өзінің сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік береміз", - деді Аружан Саин. 

Омбудсмен әкімдіктерден балалардың мәселесін шешу мақсатында нақты қаражат бөлуін талап ететінін жеткізді. 

"Әкімдіктерден тек жалтарма жауаппен құтылып қана қоймай, бабалардың мәселесін шешу үшін бюджеттік қаражатты өңірлерге жіберуін қадағалайтын боламыз", - деді Саин. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети