Бюджет қаражатын тиімді игермеген 82 шенеунік жазаланды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бюджет қаражатын тиімді игермеген 82 шенеунік жазаланды

2022 жылға бөлінген бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланғаны үшін 82 жоғары лауазымды шенеунік жазаланды. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2022 жылға бөлінген бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланғаны үшін 82 жоғары лауазымды шенеунік жазаланды. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

25 мамырда Сенатта үкімет пен Жоғарғы есеп палатасының 2022 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерінің таныстырылымы өтті.

"Мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобаларды іске асыру қорытындыларына келетін болсақ, өткен жылы үш мемлекеттік бағдарлама мен 10 ұлттық жоба жүзеге асырылды. Олар мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізу аясында бекітілді. Түрлі көздерден 8,2 триллион теңге бөлінді. Оның 2,8 триллион теңгесі мемлекеттік бюджеттен бөлінді", - деді Жамаубаев.

Қаржы министрлігінің басшысына Қазақстандағы бюджеттің игерілмеуіне қарсы қолданылып жатқан шаралар туралы сұралды.

"Бірнеше триллионнан астам бюджет ақшасы тиімсіз пайдаланылды. Алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбауы үшін қызметкерлер жазалана ма?" - деп сұрады сенатор Амангелді Төлемісов.

"Сандарды нақтылай кетейін. 8,2 триллион теңге, оның барлығы мемлекет қаржысы емес. 2,8 триллионы республикалық бюджеттен бөлінген қаржы. Қалғаны жеке инвестиция мен қарыз қаражат. Әрине, мониторинг жүргізіп жатырмыз. Біз Жоғарғы есеп палатасының қорытындылары мен ұсыныстарын талдаймыз, жоғары лауазымды тұлғаларды жауапқа тартамыз. Қазір 113 адам, оның ішінде 82 жоғары лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды", - деп жауап берді Қаржы министрлігінің басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети