Жаңа бюджет тұрғын үйі құрылысы осы жылдың сәуір айында басталады, бұл туралы ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақордада Назарбаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Онда министрлер мен Үкімет басшысының орынбасарлары баяндама жасады.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Президентке "Нұрлы жол" бағдарламасының осы жылға жоспарланған көлік-логистика және инфрақұрылым жобаларының іске қосуға дайын екенін және кедергісіз іске қосылатынын айтты.
"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесінде 86 жоба бар. Бюджет несиелері өңірлерге наурыз айында бөлінеді. Сәуір айында іске асыру басталады. Жалға берілетін үйлер бойынша дайын баспананы сатып алу конкурстары өткізілді. Жеңімпаздар анықталды. Алғашқы 1357 пәтер Астана, Алматы, Көкшетау, Семей, Қостанай қалаларындағы кезекте тұрғандарға наурыз айында беріледі. Жаңа үй құрылысы сәуір айында басталады", - деді вице-премьер.
Бұған қоса, өз баяндамасында Сағынтаев республикада өнеркәсіптің тұрақты дамуы, көктемгі егіс науқанының дер кезінде басталуы мен шағын және орта бизнесті қолдау қамтамасыз етілетінін айтты. "Үкімет 2015 жылы Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы жөніндегі сіз алға қойған міндеттердің бәрін мүлтіксіз орындауды жалғастырады", - деді Сағынтаев.