Қызылорда маңының тұрғындары қала әкімдігінің "Ягодка" саяжай алабына дейін қоғамдық көлік жүреді деген жауабына наразы. Себебі олардың айтуынша, автобус жоқ, болмаған да, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қызылорда маңының тұрғындары қала әкімдігінің "Ягодка" саяжай алабына дейін қоғамдық көлік жүреді деген жауабына наразы. Себебі олардың айтуынша, автобус жоқ, болмаған да, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ягодка" саяжай алабы тұрғындарының наразылығына әкімдіктің БАҚ-тағы мәлімдемесі себеп болған. Бұған дейін қалалық әкімшілік өкілдері Қызылорда маңында тұратын адамдардың шағымына "саяжайға қоғамдық көлік бармайды деген ақпарат негізсіз және жалған, өйткені 3-4 тұрғынның пікірі қоғамның пікірін білдірмейді" деп жауап берген.
Қызылордалықтар қайта жиналып, "3-4 адамнан" көп екенін көрсетті. Олардың барлығы "Ягодкаға" қоғамдық көлік жүрмейтініне ұзақ уақыт болғанын мәлімдеді.
"Мына мәлімдемеге шынымен таңғалдым. Біз оларды жалған айыптап отырмыз дейді", - деді жергілікті тұрғын.
"Менің күйеуім мен ұлым жақын маңда жұмыс істейді. Оларға таңғы сағат 7-де үйден шығуға тура келеді (жұмысқа кешігіп қалмау үшін). Ал балалар ше, елестетіп көріңізші, қандай уақытта шығуы керек?", - дейді оның көршісі.
Еске салайық, әкімдік осындай жауапты "Ягодка" саяжай алабының тұрғындары ауданға қызыл автобуспен келген блогерлер, журналистер мен белсенділерге шағымданғаннан кейін берген. Қала тұрғындары ең жақын аялдама үш шақырым жерде екенін айтқан. Бұл ауданда ауыз су да жоқ екен.
Ал шенеуніктер ауыз су, газ және электрмен жабдықтау бойынша жұмыс 2021 жылы басталатынын атап өтіп, "саяжай алаптарының және басқа да қала маңындағы аумақтардың тыныс-тіршілігі әкімдіктің тұрақты бақылауында" екенін мәлімдеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!