Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың реттелуі арқылы осы елдің нарығына шығып, Үнді мұхитындағы сауда бағыттарына қол жеткізгісі келеді. Бұл туралы "Хабар-24" арнасынан трансляцияланған Bloomberg порталына берген сұхбатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

Ол Ауғанстанның НАТО және АҚШ көмегіне сүйене отырып, ел аумағында өз күшімен тәртіп орнатып жатқаны маңызды екенін атап өтті. "Мен мұны НАТО мен америкалық саясаттың оңды тұсы деп ойлаймын. Кезедсеу кезінде Ауғанстан президентінің айтуы бойынша, барлық аумақты өздері қадағалап отыр. Бірақ, қиын аумақтар бар, елдің оңтүстігінде, бандиттер "Талибан" қалдықтары жүрген аумақта. Ауғанстан қазір өз күшімен тәртіп сақтай алады. Дегенмен, барлық елдер оқыс жағдайларға дайын отыру керек", - дейді Назарбаев.
Ол Ауғанстанда 1979 жылдан бері азаматтық соғыс жүріп жатқанын атап өтті. "40 жыл бұрын дүниеге келген адам Калашников винтовкасын ұстаудан өзге ештеме білмейді. Кәсіпорын салып, жастарға жұмыс орнын беруді. Олар апиын мактарын екпей, бұрынғысынша күріш пен жүгері егу үшін. Осы біздің ортақ міндетіміз. Ауғанстан ресурсқа бай. Инвестиция тартып, адамдарға жұмыс беріп, ол жерде жақсы мемлекет құру - біздің арманымыз. Өйткені бұл біздің аймақ. Біз Ауғанстан арқылы Пәкістанға, Үндістан және Үнді мұхитына шыққымыз келеді. Бұл керемет болар еді", - деді Назарбаев.