Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қаруды жою турасындағы мәселені көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қаруды жою турасындағы мәселені көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазір ірі мемлекеттерге қарасаң, олардың арасында сенім азайып барады. Ядролық қаруы бар елдердің арасында да сенім жоқ. Қазір әлемде 15 мың ядролық оқтық бар. Соның ішінде 7 000-ы Ресейдікі болса, тағы 7 000-ы Америкада екен. Басқа 20 елде қалған 1500 ядролық зымыран бар", - деді Назарбаев "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында.
"Елдердің арасында сенім жойылғанда, онда түрлі-түсті революциялар мен лаңкестік әрекеттер басталады. Былтыр әлем бойынша қаруландыруға бір триллион 700 миллиард доллар жұмсалған болатын. Сонымен қатар, Стокгольм институтында болған оқиғада 167 мың адам қаза тапқан еді. Соғыс жоқ, бірақ ол болып жатыр. Мұның барлығы адамды ойландырады. Сондықтан "Манифест. Әлем. XXI ғасыр" құжатында арамыздағы сенімсіздікті жеңу үшін бізге жасау керек әрбір қадам көрсетілген. Сол бойынша жұмыс істеу керек", - деді ол.
Назарбаевтың айтуынша, бұл мәселемен әлемдік деңгейде айналысу керек.
"Бірігіп ядролық қаруды жоюмен күресудің орнына, біз қауіпті сезіпті отырмыз. Бұл қауіп кез келген жағдайдан пайда болуы мүмкін. Сондықтан мен соңғы сессияда Біріккен Ұлттар Ұйымына жаңа ұсыныс айттым. Әлемнің барлық тұрғыны бұл мәселені көтеру керек. Егер осылай жалғаса берсе, барлық жаңа мемлекет ядролық қаруға ие болғысы келеді. Барлығы да қорғанғысы келеді. Әркім өзінің жұмысымен шектеліп қалады. Мұның бәрі тарихымызда қақтығыстардың пайда болуына әкелді. Мен осы жағдайлардың алдын алғым келеді", - деді ол.
Сонымен қатар, Президент Тәуелсіз мемлекеттер достастығының негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін айтып өтті.