03 наурыз 2017 | 20:18

Біз мүмкіндігі шектеулі жандардың барлық бастамасын қолдаймыз - Бердібек Сапарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақтөбе облысында "Біз біргеміз!" атты акция өтті. Акцияны ұйымдастырушы - қоғамды нығайтуды, қайырымдылық мәдениетін дамытуды, мүгедек жандардың жарқын бейнесін қалыптастыруды мақсат ететін "Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы", - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысында "Біз біргеміз!" атты акция өтті. Акцияны ұйымдастырушы - қоғамды нығайтуды, қайырымдылық мәдениетін дамытуды, мүгедек жандардың жарқын бейнесін қалыптастыруды мақсат ететін "Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы", - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

2000 жылдан бері өткізіліп келе жатқан, әлеуметтік ғылыми-өндірістік бірлестік қызметін қорытындылайтын және келесі жылдың бастауы болатын өзіндік алаңы болып табылатын акцияға қоғамдық өмірде, спортта және шығармашылықта үлкен жетістіктерге жеткен 160 мүмкіндігі шектеулі жан ат салысты.

Ағымдағы жылы өткен акция жанымыздағы әрбір жанның бірлескен және әлеуметтік жауапкершілігін насихаттауға бағытталды.

"Біздің бірлестікте 920 адам бар. Ал олардың артында олардың отбасылары тұр. Бұл дегеніңіз біздің қамымызды ойлайтын 10 мың адам бар деген сөз. Мемлекеттік қызмет біздің толлыққанды әрі жайлы өмір сүруіміз үшін бел шешпей жұмыс жасауда. Солардың арқасында біз осындай жетістіктерге қол жеткізіп отырмыз. Сіздердің назарларыңыз бен әлеуметтік қолдауыңызды сезініп жүрген барлық қоғамдық бірлестіктер атынан алғыс хат табыс етуге рұқсат етіңіз", - деді "Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы" төрайымы Құралай Бәйменова

Қатысушылармен амандасқан облыс әкімі Елбасының әлеуметтік мәселелерді шешуге баса назар аударғанын айтып, Құрайлай Бәйменоваға қоғамдық бірлестік құрылғаннан бері мүгедк жандардың мәселелерін шешуге қол ұшын беріп келе жатқандары үшін алғысын білдірді.

"Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы көлемді жұмыстар атқаруда, ал оның басшысы Құралай Бәйменова мүмкіндігі шектеулі жандарға дәрілей, материалдық көмек беріп, олар үшін жұмыс, баспана сұрайды. Мұның бәрі оның жүрегінің кеңдігімен ұштасып жатыр. Өйткені ол қоғам үшін игі іс атқарып жүр. Әрине, біз сіздің бастамаңызды қай жағынан да қолдаймыз, әлеуметтік мәселелеріңізді шешуге көмектесеміз", - деп уәде берді өңір басшысы.

Естеріңізге салсақ, 2016 жылы мүгедек жандарға мемлекеттік қордан 32 пәтер бөлінген болатын. Бұдан өзге, Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығына облыстық әкімдік тарапынан 1,5 миллион теңгенің сертификаты мен инватакси берілді. Жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі жандарға тұрғын үй қорынан бөлінетін баспананы алғанға дейін тұратын уақытша 5 пәтер бөлінді.

Облыста 24 мың мүгедек болса, олардың екі мыңы 16 жасқа дейінгі балалар. Оларға қолдау көрсетіп, жәрдем беру үшін жыл сайын миллиардтаған теңге көлемінде қаражат бөлініп отырады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети