22 маусым 2017 | 19:10

Бізде жаңартылатын энергия көздерінің әлеуеті зор - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 30-пленарлық отырысына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 30-пленарлық отырысына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті әлемдік қоғамдастық энергияның жаңа көздерін белсенді түрде іздестіріп жатқанын әрі технологиялық ілгерілеу қарсаңында тұрғанын атап өтті.

"Биыл Астанада "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізудің идеологиясы мемлекеттердің таза энергияны дамытуға бағытталған күш-жігерін тоғыстыруға негізделген", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы энергия өндірудің аралас жүйесі еліміз үшін ең қолайлы екенін айтты.

"Бұл жаңартылатын энергетиканы қоса дамыта отырып, дәстүрлі қуат көздерінен энергия өндіру дегенді білдіреді. Бізде жаңартылатын энергия көздерінің әлеуеті зор. Жел энергетикасы жылына 920 миллиард киловатт/сағат өндіреді деп бағаланады. Еліміздің су энергия әлеуеті - 62 миллиард киловатт/сағат. Күн энергиясының әлеуеті жылына 2,5 миллиард киловатт/сағатқа дейін жетеді", - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев "Астана ЭКСПО-2017" көрмесінің базасында "Болашақтың энергиясы" деген атаумен "Жасыл" технологиялар мен инвестицияларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық құрылатынын атап өтті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы бизнес ахуалын жақсарту, "жасыл" технологияларға арналған қаражат жүйесін, жер қойнауында сирек кездесетін металдарды қолдану технологиясын, өзіндік ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажеттігіне тоқталып, жаңартылатын энергия көздері секторын одан әрі қалыптастыру мәселесіне назар аударды.

Соңында Қазақстан Президенті Кеңестің көп жылғы жұмысын жоғары бағалап, жиынға қатысушылардың барлығына табыс тіледі. Сонымен қатар, отырыста айтылған барлық ұсыныс Үкіметте қаралып, алдағы жұмыс барысында ескерілетінін айтты.

 

Осыдан кейін Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысына қатысу кезінде бірқатар халықаралық компания басшыларымен бірлескен келіссөздер жүргізді.

Атап айтқанда, Қазақстан Президенті "Эни С.п.А." компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальцимен, "Ройял Датч Шелл" концернінің бас атқарушы директоры Бен ван Берденмен және "ЛУКОЙЛ" компаниясының президенті Вагит Алекперовпен әңгімелесті.

Келіссөздер барысында компаниялардың Қазақстанның мұнай-газ саласындағы қызметінің негізгі бағыттары талқыланып, Қарашығанақ пен Қашаған кен орындарын игеру үдерісін одан әрі үйлестіру мен жоспарлаудың өзекті аспектілері қаралды.


Суреттер: akorda.kz

Компаниялар басшылары Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмысы табысты екенін атап өтіп, Нұрсұлтан Назарбаевқа республикада қолайлы инвестициялық ахуал жасағаны үшін алғыс айтты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети