04 желтоқсан 2017 13:22

Бізде "Оскар" сыйлығы жоқ және оны енгізбейтін шығармыз - Арыстанбек Мұхамедиұлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© unsplash.com © unsplash.com

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы елімізде "Оскарға" ұқсас сыйлықты енгізу қажеттілігіне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы елімізде "Оскарға" ұқсас сыйлықты енгізу қажеттілігіне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бізде еңбегі сіңген қайраткер атағы әртістерге және дәрігерлерге, агрономдарға беріледі - олардың барлығы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері. "Қазақстанның Халық әртісі" мен "Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі" атақтарын қайтару қажеттігі туралы да айтылған еді. Сіздердің айтып отырғандарыңыз дұрыс, қазіргі уақытта бізде тек үш КСРО Халық әртісі бар - Бибігүл Төлегенова, Асанәлі Әшімов пен Әлібек Дінішев. Анатолий Молодов та осы атақты алған еді, бірақ, өкінішке қарай, ол осыдан бір апта бұрын дүниеден озды. Бізде осы түрімізбен сахнада еңбек сіңірген қайраткер мен жас орындаушыны да еңбек сіңірген қайраткер деп санайтын боламыз", - деді Мұхамедиұлы депутаттың сауалына жауап бере отырып.

Сондай-ақ, министр АҚШ-тағы сыйлықақыларға қатысты ойын айтты.

"Бізге барлығы АҚШ-та "Қазақстанның Халық әртісі" мен "Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі" сияқты атақтардың жоқ екенін мысал ретінде айтып жатады. Бірақ онда "Грэмми", "Оскар" сияқты категориялар бар ғой. Ал бізде ондай сыйлық жоқ. "Оскар" жүлдесін енгізе алмайтын шығармыз. Бізде басқа категория", - деді министр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети