14 ақпан 2020 | 23:20

"Біздің деңгей емес!". Әуезов театрының ұжымы директоры кеткен соң шу шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Берік Айтжанов. Фото: КТК сюжетінің кадры Берік Айтжанов. Фото: КТК сюжетінің кадры

Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік драма театрының әртістері директоры Сәбит Әбдіхалықовтың қызметтен кетуіне наразылығын білдіріп, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловамен кездескен, алайда кездесуден кейін көзқарасын күрт өзгертіп шыға келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік драма театрының әртістері директоры Сәбит Әбдіхалықовтың қызметтен кетуіне наразылығын білдіріп, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловамен кездескен, алайда кездесуден кейін көзқарасын күрт өзгертіп шыға келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Бастапқыда қызметкерлердің бір бөлігі бұл директор келгелі өмірі жақсарғанын айтқан. Жаңа костюмдер тігіліп, декорация жаңарып, залдағы жарықтандыру қалпына келген. Тіпті директорды жұмыстан шығарса, сахнаға шықпай қоятынын мәлімдеген.

Алайда Ақтоты Райымқұловамен кездесуден кейін театр ұжымының пікірі қаққа жарылған. Бұл кездесуде министр жетекшінің қызметтен өз қалауымен кеткенін мәлімдепті.

"Директор бюллетенге шықты. Ол өз қалауымен қызмет орнын босатқысы келетінін жазған арызын электрон поштаға жолдады. Бүгінде ол бюллетенде. Бірақ оның 29 желтоқсанда үйлену тойы болғанын қайталадым. Құттықтаймыз. Бүгінде ол елде емес", - деді министр.

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, министрліктің театр басшылығына айтар шағымы аз емес. Ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет, ал директор мен оның көмекшілері жоба-смета құжаттамасын өткізу уақытын өткізіп алған. Оларға тіпті айыппұл салыныпты. 

Министрмен кездесуден кейін актерлер басшысының кету туралы шешіміне көзқарасы өзгерген. Енді әртістер Сәбит Әбдіхалықов басқара бастаған кезден бері театр қойылымдарының сапасы нашарлап кеткен деп отыр. 

"Ұжымда біржақты көзқарас жоқ. Бір жыл ішінде осымен екінші рет қақ жарылып отырмыз. Пікіріміз бір болмаса қалай араласамыз? Директор ұсынатын қойылымдар біздің деңгей емес", - дейді актерлердің бірі. Кездесуде тіпті екі тарап бір-бірімен келісе алмай, шу шығарған. Алайда жанжалдың немен аяқталғаны белгісіз.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети