"БЖК 2020" іске асырудың алты жылы ішінде 300 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"БЖК 2020" іске асырудың алты жылы ішінде 300 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

"Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын іске асырудың алты жылы ішінде 300 мыңнан астам жұмыс орны сақталып, ашылды, деп мәлімдеді "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ басқарма төрағасы Қаныш Төлеушин Азиядағы өзара іс-қимыл мен сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) V бизнес форумында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап.

2010 жылдан бастап Қазақстанда операторы "Даму" қоры болып табылатын "Бизнестің жол картасы 2020" кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді. Оның негізгі құралдары кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, кепілдікті мүлік жетіспеген кезде кредитті кепілдендіру және екінші деңгейлі банктер арқылы бизнесті жеңілдікті кепілдендіру.

"БЖК 2020" бағдарламасын іске асырудың алты жылы ішінде қатысушылар 1,6 млрд АҚШ доллары - 534 млрд теңге сомасына салық төлеген, 17,4 млрд АҚШ доллары - 5,8 трлн теңге сомасына өнімнің жиынтық көлемін қамтамасыз еткен, 300 мыңнан астам жұмыс орнын сақтап, ашқан", - деді Қ. Төлеушин.

Оның айтуы бойынша, төленген салық көлемі төленген субсидия көлемінен төрт есе асады, бұл мемлекеттік бюджетке қаражат қайтарымының жоғары коэффициентін растайды.

"2016 жылы бағдарлама қорытындылары бойынша 155 млрд теңгеге жуық сомаға салық түсімі, кемінде 25 мың жұмыс орнын ашып, сақтау болжануда", - деп қосты Қ. Төлеушин.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети