БЖЗҚ экс-басшысы Руслан Ерденаевтың қамау мерзімі алтыншы айға дейін ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

БЖЗҚ экс-басшысы Руслан Ерденаевтың қамау мерзімі алтыншы айға дейін ұзартылды © damu.kz

БЖЗҚ ісі бойынша төрт фигуранттың қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

БЖЗҚ ісі бойынша төрт фигуранттың қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотына сілтеме жасап.

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотының шешімімен БЖЗҚ АҚ бұрынғы басшысы Руслан Ерденаевқа, БЖЗҚ АҚ қаржылық қатерлер басқармасының басшысы Мұса Бахтов, "АлатауМұнайАлтын" АҚ бақылау кеңесінің төрағасы, сондай-ақ, "Бузгул Аурум" ЖШС құрылтайшысы Бақытжан Кенжебаевқа, "Бузгул Аурум" ЖШС директоры Азат Найзағаринның қамау мерзімі 29 маусымға дейін ұзартылды. Осылайша, төрт фигурант осымен алтыншы ай қамауда болады.

Ал "Мегатрансазия" ЖШС директорының орынбасары Талғас Тұртаевтың қамау мерзімі 23 маусымға дейін ұзартылды. Ол төртінші ай тергеу изоляторында.

Осыған дейін БЖЗҚ бұрынғы басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Дабыр Медетбековтің қамау мерзімі 8 маусымға дейін ұзартылған болатын.

Қазіргі уақытта осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, 2016 жылдың 21 желтоқсанынан бастап ҚР Ұлттық банкінің қатысуымен "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" Акционерлік қоғамының қызметіне тексеріс жүргізілген болатын. Сол кезде тексерістің БЖЗҚ акционерлік қоғамының меншікті активтерді инвестициялауға қатысты жасалған операциялары бойынша жүзеге асырылып жатқаны айтылған еді. "БЖЗҚ" АҚ-тың меншікті активтері оның капиталы және шаруашылық қызметінің нәтижелері есебінен қалыптастырылады екен. "БЖЗҚ" АҚ меншікті активтерді дербес басқарады", - деген еді банктегілер.

Ал кейінірек БЖЗҚ миллиардтаған шығынға ұшырағанын мойындаған болатын. "Яғни, зейнетақыны инвестициялаймыз деп мекеме желтоқсанда 33 миллиардқа және тағы 2 миллиардқа шығынға батқан. Артынша 26 миллиард теңге инвестициялық табыс тапқанымен, шығын 9 миллиард теңгеге бір-ақ жеткен", - деген еді компания өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети