11 қыркүйек 2018 | 17:10

Cағынтаев атқарушылық тәртіп жөнінде арнайы кеңес өтетінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primeminister.kz © primeminister.kz

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев қыркүйек айының соңына қарай өңірлердің, банктердің, бизнес пен квазимемлекеттік сектордың қатысуымен атқарушылық тәртіп жөнінде арнайы кеңес өтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев қыркүйек айының соңына қарай өңірлердің, банктердің, бизнес пен квазимемлекеттік сектордың қатысуымен атқарушылық тәртіп жөнінде арнайы кеңес өтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Бұл тапсырма Ұлттық экономика министрлігіне, мүдделі мемлекеттік органдар мен премьер-министрдің Кеңсесіне тапсырылды.

"Негізгі мәселе - Президент тапсырмаларынның орындалу барысы, әсіресе, сессияның ашылуында берілген тапсырмалар, Президенттің Бес әлеуметтік бастамасы бойынша тапсырмалар. Тимур Мұратұлы (Ұлттық экономика министрі - автор), тапсырмалардың орындалу сапасы, проблемалар мен оларды шешу жолдары бойынша егжей-тегжейлі талдау қажет", - деді Сағынтаев.

Еске сала кетейік, Үкімет отырысында еліміздің 2018 жылдың сегіз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары туралы орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары баяндады.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов осы жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстан экономикасының оң өсу үрдісі сақталып отырғанын айтты. Сонымен бірге, экономикалық даму әлемдік нарықтардағы сын-тегеуріндер мен құбылмалылықтардың күшеюі жағдайында жүріп жатыр.

"Есепті кезеңде ЖІӨ өсуі 3,8 пайыз құрады. ЖІӨ өсімі бойынша 4 пайыз мақсатқа жету үшін, ай сайынғы өсімді ағымдағы жылдың соңына дейін орта есеппен 4,2 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету қажет", - деді  Сүлейменов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети