15 қараша 2017 | 15:57

Чехия елшілігі "Борат" стилінде киінген шетелдіктерге қатысты мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© informburo.kz © informburo.kz

Қазақстандағы Чех Республикасының елшілігі чехиялық туристердің "Бораттың" стиліндегі суға түсетін киіммен ұсталу оқиғасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандағы Чех Республикасының елшілігі чехиялық туристердің "Бораттың" стиліндегі суға түсетін киіммен ұсталу оқиғасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елшілік өкілдері Астанаға қыдырып келген Чехия азаматтары туралы өздеріне белгілі екенін мәлімдеді. 

"1963 жылдың 24 сәуірінде қабылданған консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясы негізінде Дипломатиялық өкілдіктің міндеттерінің бірі ел азаматтарына көмектесу. Атап айтқанда, ол азаматтарға Қазақстан Республикасының өкілетті органдарындағы Консул жәрдемдесті", - делінген ресми сауалға берілген жауапта. 

Еске салайық, 10 қарашада Астанада ЭКСПО автотұрағындағы "I love Astana" жазуының алдында суретке жартылай жалаңаш түскен алты шетелдік турист ұсталды. Ер адамдар "Бораттың шомылу киімі" аталып кеткен ұятты киімде болған. Олардың суреті әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын.

Астана ІІД-нің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова Tengrinews.kz тілшісіне ұсталғандар Чехия азаматтары екенін мәлімдеген. Оларға қатысты "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалған еді. 

"Материалдар Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, әкімшілік сот ұсталған әр шетелдікке 10 АЕК (1 АЕК - 2269 теңге) көлемінде айыппұл салу туралы шешім шағырғаны белгілі болды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети