Чек берілмегені туралы ақпарат айтқан оралдықтарға 535 мың теңге сыйақы берілді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чек берілмегені туралы ақпарат айтқан оралдықтарға 535 мың теңге сыйақы берілді

Чек берілмегені туралы ақпарат айтқан оралдықтарға 535 мың теңге сыйақы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Орал апталығы" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чек берілмегені туралы ақпарат айтқан оралдықтарға 535 мың теңге сыйақы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Орал апталығы" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, бұл "Азаматтық бақылау - чек талап ет" акциясы аясында өткен шара. Яғни фискалдық чек берілмегені немесе карталар бойынша төлем қабылдаудан бас тартқаны туралы хабарлаған адамдарға сыйақы төленеді.

"Бұзушылық деректері туралы App Store және Play market-тен WIPON CASHBACK тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға болады және фискалдық чек расымен берілмеген жағдайда телефон балансына сыйақы (ЖТС шегергенде 1000 теңге) алуға болады. Хабарлама жіберген кезде объектінің мекенжайын, оның атауын, кәсіпкерлік қызмет объектісі иесінің аты-жөнін көрсету қажет", - дейді өңірдегі мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Бауыржан Айнабеков.

Осылайша 852 өтініш түскен, оның 535-і расталып, 312 өтініш растамаған. Тағы 5 өтініш бойынша жұмыс жүріп жатыр.

Қайта бұзушылық бойынша расталған 535 шағымның жалпы сомасы 451 мың теңгеге 15 салық төлеуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал чек берілмегені туралы хабарлағандарға ЖТС шегеріле отырып, 535 мың теңге төленді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети