Адвокат Серік Сәрсенов. ©Әсел Сатаева
Владислав Челахтың өз ісін қайта қарау жөніндегі іс бойынша сотта адвокат Серік Сәрсеновтің қарсылығы қабылданбады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот халынан. Адвокат Серік Сәрсенов Жоғарғы соттың судьясы Ақылтай Қасымов пен Бас прокурордың көмекшісіне қарсылық білдірген еді. Оған қорғаушының Өтемісова деген клиентінің ресейлік кәсіпкер Александр Сутягинский ісі бойынша берген жауаптары себеп болған. Онда Өтемісова Ақылтай Қасымовтың іске заңсыз араласқаны айтылған. "Мұндай жағдайда, Сіздің сондай жоғары қызметте отырып, заңдылықтың бұзылуына жол берген кезде мен сіз бұл іс бойынша да өз мүддеңізге қарай бұруға жол беруіңіз мүмкін деп есептеймін. Сондықтан мен сізге сенбеймін", - деді Сәрсенов. Адвокат Бас прокурордың көмекшісі Бақтияровтың іске араласуына да наразы болды. Осыдан кейін Жоғарғы соттың судьясы Әбдірашит Жүкенов соттың бұған қатысты шешімін оқыды. Сот қарсылықты негізсіз деп тапты. "Алқа төрағасы Қасымов пен прокурор Бақтияров тікелей немесе жанама түрде істің нәтижесіне мүдделі деуге негіз болатын жайттар жоқ. Баптарға сүйене отырып, Жоғарғы соттың алқасы Қасымов пен Бақтияровқа қатысты қарсылықты қабылдамау туралы қаулы етеді", - деді Жүкенов. Сәрсенов айтқан Өтемісоваға келсек, бұған дейін Алматы қалалық сотының судьясы Күлпаш Өтемісоваға қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын. Оған ресейлік кәсіпкер Сутягинскийге қатысты үкімді жұмсартты деген айып тағылып отыр. Ал Челах ісін қайта қарау туралы өтініш бойынша сот жалғасып жатыр. 2012 жылдың желтоқсанында шекарашы Владислав Челах "Арқанкерген" бекетінде 14 қызметтесі мен бір орманшыны өлтіргені үшін айыпты деп танылып, оған қатаң режимдегі колонияда өмір бойы отыру жазасы берілген еді. Бұл оқиға сол жылдың 30 мамырында болды.
Владислав Челахтың өз ісін қайта қарау жөніндегі іс бойынша сотта адвокат Серік Сәрсеновтің қарсылығы қабылданбады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот халынан.
Адвокат Серік Сәрсенов Жоғарғы соттың судьясы Ақылтай Қасымов пен Бас прокурордың көмекшісіне қарсылық білдірген еді. Оған қорғаушының Өтемісова деген клиентінің ресейлік кәсіпкер Александр Сутягинский ісі бойынша берген жауаптары себеп болған. Онда Өтемісова Ақылтай Қасымовтың іске заңсыз араласқаны айтылған. "Мұндай жағдайда, Сіздің сондай жоғары қызметте отырып, заңдылықтың бұзылуына жол берген кезде мен сіз бұл іс бойынша да өз мүддеңізге қарай бұруға жол беруіңіз мүмкін деп есептеймін. Сондықтан мен сізге сенбеймін", - деді Сәрсенов. Адвокат Бас прокурордың көмекшісі Бақтияровтың іске араласуына да наразы болды.
Осыдан кейін Жоғарғы соттың судьясы Әбдірашит Жүкенов соттың бұған қатысты шешімін оқыды. Сот қарсылықты негізсіз деп тапты. "Алқа төрағасы Қасымов пен прокурор Бақтияров тікелей немесе жанама түрде істің нәтижесіне мүдделі деуге негіз болатын жайттар жоқ. Баптарға сүйене отырып, Жоғарғы соттың алқасы Қасымов пен Бақтияровқа қатысты қарсылықты қабылдамау туралы қаулы етеді", - деді Жүкенов.
Сәрсенов айтқан Өтемісоваға келсек, бұған дейін Алматы қалалық сотының судьясы Күлпаш Өтемісоваға қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын. Оған ресейлік кәсіпкер Сутягинскийге қатысты үкімді жұмсартты деген айып тағылып отыр.
Ал Челах ісін қайта қарау туралы өтініш бойынша сот жалғасып жатыр. 2012 жылдың желтоқсанында шекарашы Владислав Челах "Арқанкерген" бекетінде 14 қызметтесі мен бір орманшыны өлтіргені үшін айыпты деп танылып, оған қатаң режимдегі колонияда өмір бойы отыру жазасы берілген еді. Бұл оқиға сол жылдың 30 мамырында болды.