Челах пен Жоламановты соттаған судья Тоқтар Төлешовтің ісін қарайтын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотта Тоқтар Төлешовке қатысты сот отырысы басталды.
Челах пен Жоламановты соттаған судья Тоқтар Төлешовтің ісін қарайтын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотта Тоқтар Төлешовке қатысты сот отырысы басталды.
Іс материалдарына сәйкес, мемлекеттік құпиялар мен мәліметтер болғандықтан процесс жабық түрде өтеді.
Тергеу жұмыстарымен ведомствоаралық ҰҚКжәне ІІМ қызметкерлерінен құралған жедел-тергеу тобы айналысқан. Бүгін сотта адвокаттар да, куәгерлер де БАҚ өкілдеріне сұхбат беруден бас тартты.
Сот ғимаратында істі Мамандандырылған ауданаралық әскери соттың қылмыстық істер бойынша судьясы Ербол Ахметжанов қарайтын болады. 2015 жылы наурызда ҚР ҰҚК шекара қзметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жұлмановқа үкім шығарған болатын. Сондай-ақ судья Ахметжанов 2012 жылы Владислав Челахтың ісін қарап, өмір бойына бас бостандығын айыру жазасын кескен болатын.
Ербол Ахметжанов. © askeri.sud.kz
Тоқтар Төлешовке қатысты іс әскери сотқа 29 тамызда "Құпия" деген таңбамен түскен. Қылмыстық істің көлемі 300 томды құраған. Оған қатысты 100-ге жуық куәгер өтіп жатыр және 12 жәбірленуші бар.
Еске салайық, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2016 жылдың 30 қаңтарында Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған болатын. Тінту кезінде үйінен және жұмыс орнынан қару-жарақ, есірткі заты және оқу құралдары анықталып, тәркіленген еді. Кәсіпкермен бірге үш адам ұсталды. Төлешовке трансұлттық қылмыстық қоғамдастықты қаржыландырған, сонымен қатар тұрақты қарулы топты құрып, басқарған деген күдік келіп отыр. Тергеу Төлешовтің бірқатар ауыр қылмыс және аса ауыр қылмыс жасағанын анықтаған.
"Оның қылмыстық әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 125, 126, 179, 182, 192, 262, 266, 268, 296 және 367 баптары бойынша, сонымен қатар, 1997 жылғы редакциядағы 96, 107 және 187-баптары бойынша қарастырылып отыр", - деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз мәслихаты барысында ведомство өкілдері.