04 ақпан 2014 | 13:28

Челахтың адвокаты енді БҰҰ комитетіне шағымданады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владислав Челах. ©Дмитрий Хегай Владислав Челах. ©Дмитрий Хегай

Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы Владислав Челахқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. "Челах Владислав Валерьевичке қатысты аудандық сот үкімі, апелляциялық алқа қаулысы мен кассациялық алқа қаулысы өзгеріссіз қалсын, өтініш қанағаттандырылмасын. Жоғарғы соттың барлық судьясы істі мұқият оқып білді, жазбаша нұсқада мәлімделген барлық дәлел оқылды, оларға дұрыс құқықтық баға берілді", - деді төрағалық етуші судья Ақылтай Қасымов. Мұның алдында Бас прокуратураның департамент прокуроры Жәнібек Бақтияров Челахқа қатысты бұрын шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдыруды талап етті. "Сотталушының кінәсі толық дәлелденді. Жасалған сот актілерінің бәрі заңды. Соттың сот төрелігіне жіберуі кезінде заң бұзушылықтар болған жоқ. Осы айтылғандарды еске отырып, сот үкімі мен апелляциялық және кассациялық инстанциялар қаулыларын өзгеріссіз қалдыруды сұраймыз. Сотталушы мен оның адвокатының өтініші қанағаттандырусыз қалдырылсын", - деді Бақтияров. Сот сыртындағы әңгімелесу кезінде адвокат Серік Сәрсенов журналистерге егер сот оң шешім шығармаса, жоғары инстанцияға шағымдануға тура келетінін айтты. "Бізде енді бір инстанция қалды - БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеті, болды. Бұдан басқа ештеңе қалмады", - деді ол қадағалаушы сот алқасы шешім шығармас бұрын. Ал Челахтың анасы Светлана Ващенко Президент Әкімшілігіне өтініш жазғалы отыр. "Мен Президенттің пікірін естігім келеді, неге ол үндемейді?" деген Ващенко ұлының кінәсіздігін әлі де болса дәлелдеуге дайын екенін жеткізді. Шекарашы Владислав Челахқа қатысты сот үкімі 2012 жылдың желтоқсанында шыққан еді. Сот оны 2012 жылдың 30 мамырында "Арқанкерген" бекетінде болған 15 адамның өліміне кінәлі деп тауып, оған өмір бойы түрмеде отыру жазасын кесті.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети