10 маусым 2019 | 17:20

Чернобыль өртсөндіруші батырларын еске алу мақсатында халықаралық жарыс өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өрт-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасы Чернобыль өртсөндіруші-батырларын еске алу мақсатында ұйымдастырылған ХХХII Халықаралық өрт-құтқару спорты бойынша жарысқа қатысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жарыстар 2019 жылғы мамырдың 27-інен маусымның 1-не дейінгі аралықта Волын облысының Луцк қаласында өткізілді.


Иконка комментария блок соц сети

Өрт-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасы Чернобыль өртсөндіруші-батырларын еске алу мақсатында ұйымдастырылған ХХХII Халықаралық өрт-құтқару спорты бойынша жарысқа қатысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жарыстар 2019 жылғы мамырдың 27-інен маусымның 1-не дейінгі аралықта Волын облысының Луцк қаласында өткізілді.

Жарыс төрт жаттығу түрі бойынша өткізілді.: жаттығу мұнарасының 4-қабатына шабуыл сатысы бойынша көтерілу, 100 метрлік бөгеттер жолы, 4х100 метірге өрт эстафетасы және өрт мотопомпысынан жауынгерлік қанат жаю.

Ер адамдар арасындағы жарыстарға 5 ұлттық құрама командалар қатысты. олар: Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, ЧЕх Республикасы, Молдова мен Украина Республикалары. Сондай-ақ, берілген спорттық іс-шараға 7 облыстық командалар қатысты. Олар: Волын, Ровнен, Чернигов, Киев қаласының, Львов және Черкас қаласының өрт-қауіпсіздігі институты.

Жарыс командалық нәтижелер қортытындылары бойынша ӨҚС бойынша командасы жалпы командалық ІІІ орынға ие болды. Жеңімпаздар Украин спорттық құтқару федерациясының дипломдары мен медальдерімен, оснымен қатар кубоктерімен марапатталды.

Ер адамдар арасындағы жарыстарда Қазақстан Республикасының құрама командасының құрамындағы Н.Магау 4 қабатқа шабуыл сатысы бойынша көтерілуден 13, 61 сек. көрсеткішімен ең жоғары көрсетті. Өрт сөндіруші турнирге қатысқан 104 спортшының ішінен үздік 10-қа кірді.

100 метрлік бөгеттер жолын өтуде В. Қазақбаев 15, 86 сек. уақыт көрсеткішімен ер адамдар арасынан үздік көрсеткіш көнрсетті. бұл көрсеткішімен спортшы жартылай финалға өтті.

Өрт сөндіру эстафетасы бойынша Қазақстан құрама командасы 5-ші орынға ие болды. 

Жауынгерлік қанат жаю бойынша 25,94 секунд уақыт көрсеткішімен ӨҚС бойынша ҚР ер адамдар ұлттық командасы 2-ші орынға ие болды. Сөйтіп, берілген спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық рекордын жаңартты (алдағы көрсеткіш 26,74 секунд).

Осы турнирде ӨҚС бойынша құрама командасының құрамынан жастар қарастырылды, олар 2019 жылдың Әлем Чемпионатына қатысу ішін ұлттық құрама командаға үміткерлер болып табылады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети