Черногория билігі Дина Таңсәріні қамаудан босатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Черногория билігі "НеМолчи.kz" қорының басшысы Дина Таңсәріні (Динара Смайылова) қамаудан босатты. Бұл туралы Instagram-да nemolchikz_official мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Черногория билігі "НеМолчи.kz" қорының басшысы Дина Таңсәріні (Динара Смайылова) қамаудан босатты. Бұл туралы Instagram-да nemolchikz_official мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дина босатылды! Черногория Жоғарғы соты Динаны экстрадициялаудан бас тартты! Барлығыңызға көп рақмет!" - деп жазылған қор парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін "НеМолчи.kz" қорының басшысы Дина Таңсәрі (Динара Смаилова) Черногорияда ұсталғанын мәлімдеді. Ол 14 сәуірде Астана уақытымен шамамен 18:30-да видеоүндеу жолдап, полиция бөлімшесінде отырғанын айтып, 15 сәуірде экстрадиция мәселесі бойынша сот өтетінін хабарлады.

2024 жылы желтоқсанда Алматы, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының Полиция департаменттері "НеМолчи.kz" қорының жетекшісі Динара Смайыловаға (Дина Таңсәрі) қатысты алты қылмыстық істі тергеп жатқанын мәлімдеген болатын. Көрінеу жалған ақпарат тарату, жеке өмірге қолсұқпау құқықтарын бұзу, сонымен қатар, алаяқтыққа байланысты екі іс бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны айтылды.

Бұған дейін Дина Таңсәріге іздеу жарияланып, "НеМолчи.kz" қорының есепшоттары бұғатталған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети