Креслода шалқайып отырып сұхбат берген Шалқар ауданындағы коммуналдық шаруашылыққа жауапты шенеуніктің ісін қазіргі уақытта тәртіптік кеңес тексеріп жатыр, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.
Креслода шалқайып отырып сұхбат берген Шалқар ауданындағы коммуналдық шаруашылыққа жауапты шенеуніктің ісін қазіргі уақытта тәртіптік кеңес тексеріп жатыр, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.
Шалқардың жағдайы "чики-чики" деп күлкіге қалған бастықтың енді өз халі, арна тілшілерінің айтуынша, "чики-чики" болмайын деп тұр. Жергілікті тілшіге қыңыр жауап қайтарған Аян Қорқытұлы қызметімен қош айтысуы мүмкін. Сонымен қатар, Аян Қорқытұлының аяқасты ауырып қалғаны хабарланып отыр. Дегенмен жұмысқа шыққан бетте жауапқа тартылатын болады.
Еске сала кетейік, осының алдында әлеуметтік желілерде шенеуніктің телеарна тілшісіне берген сұхбаты қызу талқыға түскен еді. Сюжетте жергілікті такси жүргізушілері жолдың жаман екеніне шағым айтады. Кейін шенеуніктің сөзі қосылған ән де жазылды.