Чилидің танымал газеті Димаш Құдайберген туралы мақала жариялады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чилидің танымал газеті Димаш Құдайберген туралы мақала жариялады

2022 жылғы 26 наурызда Чилидің танымал "Меркурий" газетінде Димаш Құдайберген туралы мақала шықты. Материалда автор әншінің вокалдық диапазоны мен оның музыка әлеміне әсері туралы айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі dimashnews.com сілтеме жасап.

Меркурий газеті (El Mercurio) - Чилидегі ең беделді және көне газеттердің бірі. Басылымның алғашқы нөмірі 1827 жылы 12 қыркүйекте Вальпараисо қаласында жарық көрді. Кейінірек, 1900 жылы 1 маусымда газет Сантьягода да шыға бастады.

26 наурызда газетте "Димаш Құдайберген өзінің кең вокалдық диапазонымен таңғалдыратын әнші" деген тақырыппен үлкен мақала жарияланды.

Басылымда оқырманға қазақстандық орындаушының шығармашылық жолы, оның таңғажайып вокалдық қабілеттері мен пандемиядан кейін басталған концерттік туры туралы айтылған.

"Димаш шығармашылығының Оңтүстік Америкада таралғанына біз өте қуаныштымыз! Біз әрқашан Dimash Latin Dears фан-клубының атынан көптеген іс-шаралар өткіземіз. 2023 жылы Чилиде "Винья-дель-Мар" әнінің ең үлкен фестивалі өтеді. Твиттердегі парақшасында іс-шараны ұйымдастырушылар көрермендердің фестиваль сахнасында кімді көргісі келетінін сұрайды. Әрине, біздің ең үлкен арманымыз - онда Димашты көру!",- деп бөлісті Dimash Latin Dears фан-клубының әкімшілері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети