Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Солтүстік Қазақстан облысында студент қыздың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Солтүстік Қазақстан облысында студент қыздың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"СҚО-да болған жағдай бойынша. 1999 жылғы студент қыз 6 қыркүйекте ауырып қалған болатын. Оған суық тиіп, ангина диагнозы қойылып, ем алып жүрді. Кейін оқуға Көкшетауға кетті. Қазір онда да тексеріс жүріп жатыр. Өкінішке қарай, қыз бүгін түнде қайтыс болды", - деді Бекшин Денсаулық сақтау министрлігінің брифингі барысында.
Оның айтуынша, қызда тек суық тиюдің белгілері болған.
"Оған дейін қыз тұмауратып жүрді, ем қабылдады. Қазір сараптамалық зерттеулер жүргізіліп жатыр. 5 күннен соң нақты қорытынды диагнозын айтамыз. Әзірше менингиттің расталмаған түрі деп отырмыз", - деді Бекшин.
Дәрігер Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында СҚО-да тамыз айының басында да осындай бір жағдайдың тіркелгенін айтып өтті.