09 мамыр 2019 | 14:55

Cоғыс жылдарында пошта қызметі күніне 70 миллионға дейін хат тасыған

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хабар 24 Хабар 24

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында пошта қызметі күніне 70 миллионға дейін үшбу хат тасыған, - деп хабарлайды "Хабар 24" тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында пошта қызметі күніне 70 миллионға дейін үшбу хат тасыған, - деп хабарлайды "Хабар 24" тілшісі.

Майданнан бір жапырақ қағазды туған-туыстар асыға күткен. Ұрыс даласынан жіберілген хаттардың қауіпсіздігі үшін тек пошта жәшігінің нөмірі ғана жазылатын болған. Петр Лунков 18 жасында майданға аттаныпты. Ол нөмірі 91-ші инженерлік шабуылдаушы полкында соғысып, ерлігі үшін Қызыл ту орденімен марапатталған. Елде қалған әкеме жиі хат жазып тұрдым, дейді қарт жауынгер.

"Соғыс жылдары хатқа амандығымызды ғана жазатынбыз. Қайда екенімізді, кіммен соғысып жатқанымызды айтпаймыз. Тек "жеңіспен ораламыз" деген сағыныш сәлемімізді жолдаймыз. Мен әкеммен 1947 жылы қауыштым", - дейді соғыс ардагері Петр Луньков.

Әскери пошта жауынгерлер мен тылдағы туған туыстардың арасында байланыс орнатқан ақпарат құралы болды. Тарихқа таңбаланған ондай хаттардың біразы қазір орталық мемлекеттік мұражайда сақтаулы тұр. Мұражай мамандарының айтуынша, үшбу хаттардың көбі жүректі тебірентер сағынышқа толы. 

"Мысалы, Петров деген жауынгердің әпкесіне жолдаған хатында ол кезекті кескілескен ұрыста жеңгендері туралы жазады. Көптеген фашистің көзін жойғаны туралы майдан газеттерінің бірінде жарық көргенін айтып, мақтанады", - дейді ҚР Мемлекеттік Орталық музейінің ғылыми қызметкері Гүлсара Жапақова.

Майданнан келген хаттар бірнеше себептерге байланысты үшбұрышты болған. Біріншіден, конвертті қажет етпейді, екіншіден, әскери құпияны жария етпеу үшін қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне ашып тексеруіне ыңғайлы. Сол кездегі бір жапырақ қағаздың әрқайсысы ерлікпен қаза тапқан батырларымыздың елге жеткен соңғы лебі болса, ал аман-есен оралғандардың өмірінде өшпес із қалдырған бір үзік сыры.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети