08 ақпан 2021 | 11:46

COVID-19-бен күреске бөлінген ақша: мемлекеттік аудит заңбұзушылықтар анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Қазақстанның мемлекеттік аудиті COVID-19 коронавирусымен күресуге бөлінген бюджет қаражаты қалай жұмсалғанын тексерді. Нәтижесінде Қазақстанның үш өңірінде заңбұзушылық анықталды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Tengrinews.kz редакцияның ресми сауалына жауапта хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның мемлекеттік аудиті COVID-19 коронавирусымен күресуге бөлінген бюджет қаражаты қалай жұмсалғанын тексерді. Нәтижесінде Қазақстанның үш өңірінде заңбұзушылық анықталды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Tengrinews.kz редакцияның ресми сауалына жауапта хабарлады.

Комитет өкілдері тексерулерден кейін аудиторлық қорытынды рәсімделетінін айтты. Сондай-ақ тексерілген нысандарға анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріледі.

Алайда бұл объектілер аудиторлардың қорытындысымен келіспесе, онда анықталған деректер аудиттің сапасына бақылау жүргізілгенге дейін аудиторлық қорытындыға енгізілмейді. Мұндай қарсылықтар бар, сондықтан ішкі мемлекеттік аудит комитеті кейбір аудиторлық қорытындыны қайта тексереді. Кей аймақта бұзушылықтар да анықталды.

"Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы автобустарды жалға алғаны үшін негізсіз 15 миллион теңге төлегені анықталды. Медицина қызметкерлерін тасымалдауға тиісті 2200 рейстің орнына автобустар тек 1775 рейс жасаған.

MEDICA Trade компаниясы да әрқайсы 2,3 миллион теңге тұратын 16 функционалды үш секциялы кереует алып келуі керек еді. Алайда жеткізуші 36,8 миллион теңгеге сапасы төмен және арзан қарапайым стандартты кереуеттерді берген. Аудит кезінде MEDICA Trade төсектерді ауыстырды", - деді комитет өкілі.

Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасы да, ведомство мәліметінше, науқастарға арналған жеті жасанды тыныс алдыру аппаратын қымбатқа сатып алған. Олардың әрқайсын 18 миллионнан аса теңгеге алған. Алайда шенеуніктер, комитет өкілінің айтуынша, тауарды 14 миллионға сатып алу ұсынысын қарамаған. Сатып алынған аппараттар бағасының негізсіз жоғары боуынан, ақша айырмашылыға 29 миллион теңгеге шыққан.

"Алматының жайлы орта басқармасы дағдарысқа қарсы шаралар аясында 280 төсектік жұқпалы аурулар ауруханасын орналастыру үшін 5,5 миллиард теңге бюджет қаражатын бөлді. Оның 4,6 миллиард теңгесі игерілді. Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің сұрауы бойынша аудит материалдары процессуалдық шешім қабылдауға жіберілді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Алматы жайлы орта басқармасының өтініші негізінде аудит материалдарының сапасына бақылау жүргізіліп жатыр", - деп толықтырды ішкі мемлекеттік аудит комитеті өкілі.

Орындалған жұмыстардың актілеріне тапсырыс беруші мен орындаушы қол қояды. Тапсырыс беруші ретінде бірінші басшылар мен уәкілеті бар қызметкерлер қатыса алады.

Сондай-ақ, ведомстводағылар COVID-19-ға арналған ақшаны жұмсау бойынша аудиторлық іс-шаралардың барлық материалы өңірлердің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне берілгенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети