22 сәуір 2021 | 13:46

COVID-19-ға қарсы күреске бөлінген ақша: 60 миллиард теңгенің заңбұзушылығы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Есеп комитетімен бірлесіп коронавируспен күреске бөлінген қаражат аудитін жүргізеді. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов 60 миллиард теңгеден аса соманың заңбұзушылығы анықталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Есеп комитетімен бірлесіп коронавируспен күреске бөлінген қаражат аудитін жүргізеді. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов 60 миллиард теңгеден аса соманың заңбұзушылығы анықталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Қазақстан Үкіметі дағдарысқа қарсы шаралар қабылдағанын, оған бюджет қаражаты, оның ішінде 2020 жылғы тамыздан бүгінге дейін коронавируспен күреске бөлінгенін еске салды. Бір мезгілде осы ақшаны пайдаланылу бойынша бақылау жүргізіледі. Бюджет қаражатын бақылау тетіктерінің бірі - мемлекеттік аудит.

Есеп комитеті мен тексеру комиссиялары 2,1 триллион теңгенің, Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті 1 триллион теңгенің жұмсалуын тексереді.

Бүгінде ішкі мемлекеттік аудит комитеті коронавируспен күрес бойынша эпидемияға қарсы шараларға, шағын және орта бизнесті қалпына келтіруге, жұмыссыздықты тежеуге, сондай-ақ халықтың өмір сүру деңгейін қолдауға бөлінген 680 миллиард теңгенің жұмсалуын тексерді.

"Тексеру қорытындысы медициналық жабдықты сатып алуда, оған қойылатын талаптар мен көтеріңкі құнын, басқа тұлғаларға үстемеақылар мен жәрдемақыларды төлеуде, құрылыс жұмыстарының орындалмаған көлемі үшін жалпы сомасы 60 миллиард теңгеден аса төлемдерде жүйелі заңбұзушылықтарға жол берілгенін көрсетті. Оның ішінде 40 миллиард теңгеден аса сома немесе 67 пайызы жойылды.

Жіберілген заңбұзушылықтар үшін 31 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылып, 481 кінәлі тұлға тәртіптік жауапқа тартылды. Осы факт бойынша құқық қорғау органдарына 10,6 миллиард теңгеге 28 материал берілді, оның ішінде бес материал бойынша қылмыстық іс қозғалды, қалған материалдар тергеліп жатыр", - деді Әлихан Смайылов Tengrinews.kz сауалына берген жауабында.

2021 жылдың ақпанында мемлекеттік аудит COVID-19-бен күресуге бөлінген бюджет қаражатын пайдалануды тексергенін айтты. Сол кезеңде үш өңірде: Жамбыл облысында, Шымкентте, Алматыда ақша жұмсау бойынша заңбұзушылықтар анықталған. Барлық материал өңірлердің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне тапсырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети