COVID-19-ға қарсы вакцина балаларға салына ма? Бекшин жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

COVID-19-ға қарсы вакцина балаларға салына ма? Бекшин жауабы Жандарбек Бекшин

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балаларды вакциналау туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балаларды вакциналау туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бекшин Қазақстанда 18 жасқа толмаған адамдарды вакцинациялау қарастырылмаған деп мәлімдеді.

"Елдегі барлық вакциналармен вакцинация тек 18 жастан асқан азаматтар арасында жасалады. Бұл халық арасында дүрбелеңге әкеп соғатын қауесет. Балаларды коронавирусқа қарсы вакциналауды білдіретін ресми құжат жоқ. Ол априори жоқ, сондықтан мен осы қауесетті таратуды тоқтатуды сұраймын. Бұл алауыздық туғызу үшін жасалған. Аналарымыз алаңдауы үшін жасалып отыр", - деді Алматының бас санитария дәрігері брифингте.

Айта кетейік, Ресейде 12-17 жастағы жасөспірімдерге "Спутник V" вакцинасын егудің алдын-ала мерзімдері жарияланды. Иммундау 20 қыркүйектен басталады деп жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети