COVID-19-ға қарсы вакцинация: "Спутник V" Қазақстанға жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

COVID-19-ға қарсы вакцинация: "Спутник V" Қазақстанға жеткізілді Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын салу басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын салу басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда 1 ақпанда "Спутник V" ерікті вакцинациялау науқаны басталады.

Бұрын қол жеткізілген келісімдер негізінде Қарағанды ​​фармацевтикалық кешені елге "Спутник V" вакциналарының алғашқы партиясын жеткізді.

Жалпы, ақпанда Қарағанды ​​фармацевтикалық кешені 112 мың доза, наурызда 150 мың, сәуірден маусымға дейін ай сайын 600 мың доза вакцина жеткізеді.

Сондай-ақ, сәуірден бастап отандық QazCovid-in вакцинасын салдыруды бастау жоспарланып отыр, басында 75 мың доза мөлшерінде болатын ол ай сайын өсіп отырады.

Ең алдымен, халықтың белгілі бір тобына вакцина салынады - медициналық қызметкерлер, полиция қызметкерлері, әскери қызметкерлер және басқалар.

Профилактикалық екпеге қарсы көрсетілімдері жоқ адамдарға вакцинациялауға рұқсат етіледі. Вакцина салдырмас бұрын міндетті медициналық тексеруден өту қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети