COVID-19 жұқтырған астаналық әйел аурудан жазылып, дүниеге қыз әкелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

COVID-19 жұқтырған астаналық әйел аурудан жазылып, дүниеге қыз әкелді Фото:elements.envato.com

№1 көпсалалы аурухана дәрігерлері қажырлы еңбегінің арқасында екі елордалықтың – 39 жастағы әйел мен оның жаңа туған сәбиінің өмірін сақтап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

№1 көпсалалы аурухана дәрігерлері қажырлы еңбегінің арқасында екі елордалықтың – 39 жастағы әйел мен оның жаңа туған сәбиінің өмірін сақтап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

24 маусымда емхананың акушерлік бөлімшесінде вирустық пневмония (80 пайыз зақымдану), интоксикация синдромы және артериялық гипертензия салдарынан тыныс жетіспеушілігімен ауыр халде жүкті әйел келіп түсті.

"Қабылдау кезіндегі әйелдің жүктілік мерзімі 34 апта 6 күн болған. Оған COVID-19-дың ауыр түрі, екі жақты полецегменттік пневмония, сондай-ақ қалыпты преэклампсия диагнозы (жүкіт әйелде жоғары қан қысымының болуы) қойылған болатын", - дейді аурухана қызметкерлері.

Дәрігерлер бірден-бір дұрыс шешім қабылдап, кесарево тілігін жасады. Салмағы 2,3 келі болатын шала туылған қыз бала дүниеге келді. Нәресте дереу реанимация бөліміне ауыстырылып, оған интенсивті бақылау мен емдеу жүргізілді.

Сонымен бірге дәрігерлер ана өмірі үшін күресті. Операциядан кейін ол реанимация және интенсивті терапия бөліміне орналастырылып, онда 12 күн жатты. Жеті күн бойы ол өкпені жасанды желдету аппаратымен тыныс алды. Жағдайы тұрақтандырылғаннан кейін емдеу қарқынды бақылау палатасында жалғастырылды.

Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің күш-жігерінің арқасында жасалған емнен кейін ана мен бала қанағаттанарлық жағдайда үйге шығарылды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети