COVID-19 жұқтырғандар ұялы телефон пайдалана ала ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

COVID-19 жұқтырғандар ұялы телефон пайдалана ала ма?

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирус жұқтырған науқастардың телефон пайдалануы туралы қосымша түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирус жұқтырған науқастардың телефон пайдалануы туралы қосымша түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың телефон пайдалануы туралы сұрақтар көп түседі, солардың бірін депутат Снежанна Имашева жолдаған", - дейді бас санитар дәрігер. 

Есмағамбетованың айтуынша, бұған дейін лас аймақта істейтін дәрігерлерге ұялы телефон, сағат, әшекей қолдануға тыйым салынған. Себебі бұл заттар арқылы инфекция тарауы мүмкін. Ал науқастарға телефон пайдалануға тыйым салынбаған, сондықтан олар жақындарымен байланыса алады. Бірақ науқастарға аурухананың ішінде аудио, фото және видеотүсірілім жасауға рұқсат етілмеген.  

"Пандемия кезінде стационарлардан видеолар көп тарады. Өкінішке қарай, видео науқастардың рұқсатынсыз, рұқсат беруге қауқарсыз жатқан кезде түсіріледі, осылайша әр азаматтың құқығы бұзылады. Одан бөлек, видео медицина қызметкерлеріне қысым көрсету мақсатында түсіріледі, оны көбіне хаттамаға сәйкес ем алғысы келмейтін науқастар түсіреді. Осылайша дәрігерлер мен медбикелерге видео түсіру арқылы қысым жасайды", - дейді Есмағамбетова. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети