29 наурыз 2021 16:53

"COVID-19 жұқтырмасам да, тіркеп қойған". Басқарма тұрғынның наразылығына жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасы өкілдері жергілікті тұрғын Евгений Мұхамеджановтың "Электронды үкімет" egov.kz-тегі жеке кабинетінде көрсетілген жазбасы шындыққа жанаспайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасы өкілдері жергілікті тұрғын Евгений Мұхамеджановтың "Электронды үкімет" egov.kz-тегі жеке кабинетінде көрсетілген жазбасы шындыққа жанаспайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басқарма мәліметінше, 2021 жылы 22 қаңтарда Евгений Мұхамеджанов әйелі және баласымен Шарм-эль-Шейх курортынан (Мысыр) келген. Шетелден оралған Евгений Мұхамеджановтың өзінде, оның отбасы мүшелерінде де ПТР сараптамалары болмаған.

"Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" №59 Қаулысына сәйкес Е. Мұхамеджанов отбасы мүшелерімен бірге Алматыдағы "Астана Интер Отельдегі" карантиндік стационарға ПТР сараптамасын алу үшін орналастырылады, оны қабылдау журналындағы жазбалар да растайды.

Біраз уақыт өткен соң Евгений Мұхамеджанов отбасымен бірге теріс нәтижемен үйлеріне жіберіледі. Олардың шыққаны туралы ақпарат eGov-тағы "И. Жекенов атындағы қалалық инфекциялық аурухана" жазбасынан көрінеді. Яғни, карантин төсек-орын профилі осы медициналық ұйымның құрамына енеді.

Техникалық ақаулардың салдарынан жоғарыда аталған науқастардың карантиндік стационарда болғаны туралы жазбалар "Даму Мед" АЖ-ге 2021 жылы 30 қаңтарда енгізілген", - деді басқарма өкілдері. 

Басқарма қалаға күн сайын 60 рейс ұшып келетінін, оның 20-сы халықаралық рейс екенін атап өтті. Қаламызға шетелден күн сайын жүздеген турис пен жолаушылар ПТР сынамасынсыз келеді. 2021 жылдың 1 қаңтары мен 25 наурызы аралығында Алматыға шетелден ішінде 120 819 жолаушы бар 802 рейс келді. Олардағы 19376 (16 пайыз) жолаушыда анықтама болмаған, 55 жолаушыда оң нәтиже болған, оның ішінде Дубайдан ұшып келген 26 жолаушыда, Шарм-эль-Шейхтан келген 16 жолаушыда, Стамбулдан келген 2 жолаушыда, Маледен келген - 3, Киевтен келген - 3, Сеулден келген - 2, Анталиядан келген 3 жолаушыда оң нәтижелер болған.

Еске салайық, бүгін Алматы тұрғыны Евгений Мұхамеджанов "Электронды үкімет" egov.kz-тегі жеке кабинетінде көрсетілген жазбаға наразылығын білдірген болатын. Онда оны әйелімен бірге жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған деп көрсетілген. Ол COVID-19 жұқтырмағанын және үкімет жалған ақпарат көрсеткенін айтты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети