COVID-тің жаңа штамы: Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

COVID-тің жаңа штамы: Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

АҚШ- та NB.1.8.1 деп аталатын жаңа COVID нұсқасы таралып жатқаны хабарланды. Сарапшылар жаңа COVID штамы вирустың басқа нұсқаларына қарағанда жұқпалы екенін атап өтті. Алғаш рет Қытайда биыл қаңтарда анықталған.

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі сырқаттанушылық пен әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға апта сайын мониторинг жүргізілетінін хабарлады.

"Жыл басынан бері COVID-19-дың 362 жағдайы тіркелді. Былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда сырқаттанушылық деңгейі 3,4 есеге төмендеген, өлім жағдайы тіркелген жоқ. Ауру жеңіл түрде өтіп жатыр, пациенттер амбулаториялық жағдайда ем қабылдап жатыр", - делінген хабарламада.

Қазақстанда вирустың айналымы мен оның әртүрлі нұсқаларына тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі.

"Жүргізілген зертханалық бақылау нәтижелері бойынша биылғы жылы Қазақстанда анықталған барлық 100 пайыз жағдайларда Омикрон нұсқасы айналымда болды. Атап айтқанда, JN.1 қосалқы түрі және оның LF.7.1.3, LP.8.1, LF.7.6 және KP.3.1.1 тармақтары анықталған".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети