20 желтоқсан 2017 12:17

ІІД өкілдері Мұрат Телібековтің ұсталуына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұрат Телібеков. © Ярослав Радловский Мұрат Телібеков. © Ярослав Радловский

Алматы қалалық ІІД өкілдері қоғам белсендісі Мұрат Телібековтің не себепті ұсталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы қалалық ІІД өкілдері қоғам белсендісі Мұрат Телібековтің не себепті ұсталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, оның ұсталуы алдында Бостандық ауданында 32 жастағы ер адам жүрегі тоқтап қайтыс болған. 

"Ер адам Тимирязев көшесімен көлігімен келе жатқан да, әлсіреп қалған, көлігін тоқтатқаннан кейін жүрегі тоқтап, қайтыс болған. Оқиға орнына келген дәрігерлер оның өлімін растаған. Оқиға орнына Бостандық аудандық ІІБ жедел тергеу тобы мен марқұмның туыстары барған. Қажетті процестік шаралар барысында Мұрат Телібеков келіп, туыстарының рұқсатынсыз мәйітті видеоға түсіре бастаған", - деп хабарлады Әзірбек.

Айтуынша, марқұмның туыстары Телібековке бірнеше рет ескерту жасаған, бірақ ол видеоға түсірмеу және оқиға орнынан кету туралы талапты елемеген. 

"Салдарынан Телібеков пен марқұмның әкесінің арасында жанжал шыққан. Бұл әрекет тоқтамағандықтан, жол полициясы экипажы Телібековті оқиға орнынан алып кетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін аудандық ішкі істер басқармасына жеткізген. Ол марқұмның әкесінің үстінен арыз жазды, сосын ол жіберілді. Телібеков ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасына қатысты арыз жазбады", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети