ПОДЕЛИТЬСЯ
03 мамыр 2020 | 10:01
Дағдарыс жағдайында ер адамның жанұядағы ролі. i-balaqai жобасында психолог Александр Колмановский
i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында ресейлік психолог Александр Колмановский дағдарыс жағдайында ер адамның жанұядағы ролі туралы айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында ресейлік психолог Александр Колмановский дағдарыс жағдайында ер адамның жанұядағы ролі туралы айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Қонақтар онлайн режимде тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңес береді.
Бүгін, 3 мамыр сағат 20.00-де Instagram желісіндегі Tengrinews.kz парақшасында Александр Колмановский оқырмандардың сауалына жауап береді. Артынша сағат 20:30-да психолог "Дағдарыс жағдайында ер адамның жанұядағы ролі" туралы айтады. Тікелей эфир Tengri-TV-дің YouTube-арнасында және Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында өтеді.Көкейде жүрген сұрақтарыңызды қоя аласыздар. Оған жауапты тікелей сарапшы береді.
Александр Колмановский бала мен ата-ана арасындағы байланыс бойынша жеке және отбасылық, жанұя және басқа да қарым-қатынас, жеке өмірге қатысты мәселеде кеңес берумен айналысады. Сондай-ақ ол "Дети Марии" жетім балалар мен мүгедектерге арналған оңалту орталығымен серіктестік орнатқан. Колмановский "Наша жизнь" өңірлік қайырымдылық қоғамдық ұйым басқармасының төрағасы, "Қарым-қатынас психологиясы" курсының авторы және телебағдарлама жүргізушісі. Сондай-ақ ол МГУ-дің педагогикалық білім беру факультетінде оқытушы.
Колмановский 2002 жылы Дубровка терактінің құрбандарын психологиялық оңалтумен айналысты. 2008 жылы Цхинвалиде (Оңтүстік Осетия) Грузиямен болған әскери қақтығыстан кейін қызмет етті.
2004 жылдан бері Беслан терактінен зардап шеккендерді әлеуметтік-психологиялық оңалтумен айналысады.
Жүргізуші - журналист, "Медиа дамыту қоры" КҚ бас директорының орынбасары Махаббат Есен.
Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Tengrinews.kz, Massaget.kz сайттарынан, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларында тыңдай алады. i-balaqai жобасы аясында подкаст, пайдалы мақалалар мен видеолар шығады.
i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал психология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психология ғылымдарының кандидаты Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдарын айтып берді.
i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымында педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили әке мен баланың қарым-қатынасы, әйел адамға деген махаббат жайында әңгіме өрбітті. Шалва Амонашвилидің ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили "көктегі махаббат" жайлы айтты.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также