Дағдарысқа қарсы бағдарлама дайын. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің кеңейтілген отырысында премьер-министр Кәрім Мәсімов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Дағдарысқа қарсы бағдарлама дайын. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің кеңейтілген отырысында премьер-министр Кәрім Мәсімов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елдің премьер-министрі мемлекеттің реттеуші ретінде халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобын қорғауды мойнына алатынын айтты. Нарықтық экономикада кәсіпорындар өздері өмір сүрулері керек - кәсіпорындарға қолдау көрсету өте қиын.
"Бағдарламаны дайын деуге болады, оны тек бейімдеп, қабылдау керек. Бұл қазіргі шарттарға сәйкес халықты жұмыспен қамту бағдарламасы. (...) Біз қабылдаған барлық шешім: 2014, 2015 жылдардағы түрлі тапсырма - олар 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы бірыңғай бағдарламаға шоғырландырылады. Бүгінгі бюджетті қабылау сол бағдарламаны қабылауға көмектеседі", - деді премьер-министр.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы бұған дейін "нағыз дағдарыстың дендеп келе жатқанын" айта отырып, дағдарысқа қарсы бағдарлама дайындауды тапсырған болатын.
Министрлер кабинетінің басшысы бұл дағдарыстың 2007-2009 жылдардағыдан қандай айырмашылығы бар екенін айтып өтті.
"Біз бірге бастан кешірген 2007-2009 жылдардағы дағдарыстың қазіргіден қандай айырмашылығы бар? Мемлекет басшысы біздің жаңа кезеңде өмір сүретінімізді айтты. Яғни бұл біздің түсінігіміздегі дағдарыс та емес, әлемдегі экономикалық қиындық болуы мүмкін. Экономикамызға байланысты біз қазіргі жағдайға бейімделуіміз керек. Осы кезеңде өмір сүру керек. Қазақстаннан экспортталатын негізгі тауарлар - шикізат, мұнай, металл және басқа да тауарлардың бағасының төмендегенін білеміз. Біз мұны уақытша арзандау деп ойлаймыз", - деді ол.
"Бүгін мемлекет басшысы мұның әлемдік экономикадағы өте бірегей кезең екенін, үкімет депутаттардың қолдауымен қандай шешім қабылдаса, осы турбулентті кезеңді солай өткізетінімізді айтты", - деп сөзін аяқтады Мәсімов.