Дағдарысқа қарсы бағдарлама дайын - Мәсімов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дағдарысқа қарсы бағдарлама дайын - Мәсімов © Тұрар Қазанғапов

Дағдарысқа қарсы бағдарлама дайын. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің кеңейтілген отырысында премьер-министр Кәрім Мәсімов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дағдарысқа қарсы бағдарлама дайын. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің кеңейтілген отырысында премьер-министр Кәрім Мәсімов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елдің премьер-министрі мемлекеттің реттеуші ретінде халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобын қорғауды мойнына алатынын айтты. Нарықтық экономикада кәсіпорындар өздері өмір сүрулері керек - кәсіпорындарға қолдау көрсету өте қиын.

"Бағдарламаны дайын деуге болады, оны тек бейімдеп, қабылдау керек. Бұл қазіргі шарттарға сәйкес халықты жұмыспен қамту бағдарламасы. (...) Біз қабылдаған барлық шешім: 2014, 2015 жылдардағы түрлі тапсырма - олар 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы бірыңғай бағдарламаға шоғырландырылады. Бүгінгі бюджетті қабылау сол бағдарламаны қабылауға көмектеседі", - деді премьер-министр.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы бұған дейін "нағыз дағдарыстың дендеп келе жатқанын" айта отырып, дағдарысқа қарсы бағдарлама дайындауды тапсырған болатын.

Министрлер кабинетінің басшысы бұл дағдарыстың 2007-2009 жылдардағыдан қандай айырмашылығы бар екенін айтып өтті.

"Біз бірге бастан кешірген 2007-2009 жылдардағы дағдарыстың қазіргіден қандай айырмашылығы бар? Мемлекет басшысы біздің жаңа кезеңде өмір сүретінімізді айтты. Яғни бұл біздің түсінігіміздегі дағдарыс та емес, әлемдегі экономикалық қиындық болуы мүмкін. Экономикамызға байланысты біз қазіргі жағдайға бейімделуіміз керек. Осы кезеңде өмір сүру керек. Қазақстаннан экспортталатын негізгі тауарлар - шикізат, мұнай, металл және басқа да тауарлардың бағасының төмендегенін білеміз. Біз мұны уақытша арзандау деп ойлаймыз", - деді ол. 

"Бүгін мемлекет басшысы мұның  әлемдік экономикадағы өте бірегей кезең екенін, үкімет депутаттардың қолдауымен қандай шешім қабылдаса, осы турбулентті кезеңді солай өткізетінімізді айтты", - деп сөзін аяқтады Мәсімов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети