24 шілде 2018 09:40

"Дәл жанында жаттым". Науқас Денис Теннің өмірінің соңғы сәттері жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

 ©Турар Казангапов ©Турар Казангапов

Алматы қаласының тұрғыны Назым Юнусов қалалық №12 ауруханасында болғанда Денис Теннің өмірдің соңғы сәттерінде көргенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласының тұрғыны Назым Юнусов қалалық №12 ауруханасында болғанда Денис Теннің өмірдің соңғы сәттерінде көргенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жігіт өз оқиғасын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

"Жедел жәрдем түрлі науқастарды жеткізеді. Мұнда бір науқасты алып келді, жанында дәрігерлер көп, көз қиығымды салып едім, қансыраған аяқты көрдім, қайта бұрылдым, қарау қорқынышты болды", - деп есіне алды Назым.

Оның айтуынша, кейін "Олимпиада чемпионы" деген сөз оның назарын аударған.

"Менің Олимпиада чемпионы болған досым бар. Сол себептен науқас жаққа қайта көзімді салдым. Нәтижесінде ... Денисті шамамен бір метр алшақта көрдім. Сезімімді, онда болған жағдайды қалай жеткізерімді білмеймін. Мен Дениспен таныс болмадым, бірақ ол туралы көп жағымды сөздер естігенмін. Сеніммен айта аламын, дәрігерлер қолынан келгеннің барлығын жасады, менің ойымша. Олардың саны өте көп болды", - деді ер жігіт. 

Назым Юнусов фигуристің отбасы мен достарына көңіл айтты.

Еске салайық, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

 

Офис. Подключал оборудование. Удар током. Сильная боль по всему телу. Звон в ушах. Отключаюсь на несколько секунд. Очухался. Шоковое состояние. Через 10 минут сильная боль в сердце. Тяжело дышать. Скорая. Приемный покой 12 больницы. На каталках везут по всем врачам, поставили капельницу, лежу. Скорая доставляет разных пациентов. Тут завозят одного пациента, куча врачей рядом, только повернул взгляд, увидел ноги в крови, отвернулся, страшно было смотреть, очень. Ситуация для меня была настолько жуткая, что я просто в ступоре смотрел на потолок. Далее сквозь шум и крики слышу слова это олимпийский чемпион, у меня есть друг олимпийский чемпион и поэтому я сквозь страх снова направил свой взгляд в ту сторону. И увидел...Дениса, буквально в метре от меня. Не знаю даже как описать ощущения что были в тот момент. Я не был с ним знаком, но слышал очень много приятных слов о нем. Причем всегда. Я могу с уверенностью заявить что врачи делали всё что могли, по крайней мере на мой взгляд. Их было просто огромное количество. Хочу выразить глубокие соболезнования родным и близким Дениса. В столь юном возрасте он сделал колоссальные достижения для целой страны. Мы никогда не задумываемся о смерти, потому что думать об этом уже невероятно страшно. Но и порой не ценим свою жизнь. А ведь она может оборваться в любую секунду. Берегите себя и своих близких, друзья.

Публикация от Nazim Yunusov (@yunusovn)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети