Дәленов Әбілқасымованың тағайындалуы жайлы: Бұл лауазымның төмендеуі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Мадина Әбілқасымова. © pm.kz  Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Мадина Әбілқасымова. © pm.kz

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ведомствоның бірінші вице-министрі Мадина Әбілқасымованың тағайындалуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ведомствоның бірінші вице-министрі Мадина Әбілқасымованың тағайындалуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Руслан Дәленов жаңа орынбасары қандай мәселелермен айналысатынын айтты.

"Барлық вице-министрді үкіметтегілер тағайындайды. Әбілқасымова ханым осыған дейін Ұлттық экономика министрлігінде жұмыс істеді, халықаралық блок мәселелерімен айналысты. Ол жұмыспен қазір біздің министрлікте де айналысып жатыр. (...) Мен әріптестерімнің қызметіне қатысты пікір білдіре аламын, бірақ қоластымдағылардың қызметіне қатысты пікір айта алмаймын, түсінесіздер ғой? Мен олардан жұмыстың орындалуын талап етемін. Болды!", - деді ұлттық экономика министрі.

Сондай-ақ, Дәленов министрлердің басқа қызметтерге ауысып жатқанына байланысты олардың жалақысы өзгеретінін айтып өтті.

"Жалақы арнайы кесте бойынша реттеледі. Министрлерге қарағанда вице-министрлердің жалақысы төмен болады. Бұл лауазымның төмендеуі", - деді Дәленов.

Еске салайық, кеше, 12 наурызда Мадина Әбілқасымова жаңа қызметке тағайындалған болатын. "ҚР Үкіметінің Қаулысымен Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды", - делінген еді үкіметтің сайтында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro